Мақтааралдың қауын-қарбызы Еуропаға дейін экспортталады

Oinet.kz 12-08-2024 30

29.jpg 

Мақтааралдық дихандар ерте көктемнен бастап күні бүгінге дейін 2600 тонна бақша өнімдерін жинап үлгерді. Бұл туралы «Оңтүстік» телеарнасы хабарлады.

Дәмі тіл үйіретін қауын-қарбыз Ресей мен қатар Еуропа елдеріне де экспортталды. Қазір бақша өнімдерінің нағыз уылжып піскен сәті. Дегенмен қауынды қалай таңдап алу керек. Ерекше мән беретін тұстары қандай. Мақтааралдық дихандармен тілдескен тілшіміз осы мәселе жөнінде сұрап білген еді.

Қауынның бірінші кезекте қаттылығына мән берген дұрыс. Өйткені солып қалғанының дәмі болмайды. Оған қоса сыртқы келбеті ұрылмаған, шірік болмауы керек. Сырты сап-сары болып иісі аңқып уылжып тұрғандары экспортқа шыдамайды. Олар ішкі нарыққа жөнелтіледі.Таңдағанда осыларға ерекше мән берген дұрыс,дейді дихан.

20 жылдан бері диханшылықпен айналысып келе жатқан Сәрсен Қарақұловта қауындарын сорттап, экспортқа дайындап жатыр. Бұл ерте көктемде егілген қауынның Жиенбай деген сорты.Бақша өнімінің бұл түрі етті әрі тасымалға шыдамды келеді екен. Дихан қауынның ең бірінші Аэрапорт деген түрі піседі. Одан кейін Жиенбай және Валет шығады. Ең тәттісі әрі үлкені ол жергілікті Мырзашөл қауыны, дейді дихан.

Мырзашөлдің қай ауылына барсаңыз да қазір қызу қарбалас. Дихандар қауындарын сорттап экспортқа дайындап жатыр. Әр жәшікке орта есеппен көлеміне қарай 4-5 қауыннан кетеді. Бағасы да арзан. Өйткені өнім көп.Ұзақ жолға шыдамайтын уылжып пісіп тұрғандары ішкі нарыққа жөнелтіледі.

Мақтааралдық дихандар жыл өткен сайын бақша өнімдерінің көлемін артырып келеді.Өйткені сұраныс бар.Әрі табысы да жақсы.Шаруалар қауынның дәмі мен сортына,ерекшелігіне қарап егетін болған. Ғасырға жуық уақытта жиған тәжірибе мен нарық, шаруаларды осыған бейімдеп отыр.

Жалпы оңтүстіктің жүрегі атанған мырзашөл өңірінде жұмыс жыл онекі ай жалғасады. Қыста жердің сорын шаяды. Ерте көктемнен бастап дихандар бақша өнімдерінің көшетін әзірлеп, күн жылына алқапқа отырғызады.Алғаш қырық қабаттан бастап, соңыда ақ алтынын жинап алады. Бір жерден екі тіпті үш өнімалып жатқан дихандар да бар.


Түркістан: Мақта кластері қарқынды дамитын болады
Мақтаарал: Мансап орталығында қоғамдық бақылау жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу