Мақтаарал: Мансап орталығында қоғамдық бақылау жүргізілді

Oinet.kz 10-08-2024 51

30.jpg 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы орта қалыптастыру мақсатында қоғамдық бақылаулар жүргізілуде.

Осыған байланысты Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері және қоғамдық ұйым өкілінің қатысуында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің «Мақтаарал аудандық мансап орталығы» филиалында және «Мақтаарал мүгедек балаларды оңалту орталығы» КММ-сі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына кезекті қоғамдық бақылау жүргізілді. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық бақылау барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, ғимараттардың кіре берісіндегі және ішкі жағдайлары мен қызмет алу орындары мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы болу жағдайларына мән берілді. Бақылау барысында, мемлекеттік қызмет көрсету жағдайымен танысып, қызмет алушылардың өтініштерін қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, көрсетілетін қызметтердің қағида мәтіндері мен өтініштерді толтыру үлгілерін ғимараттың көзшолымды орындарына орнату, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жай-күйі, мемлекеттік қызмет алу кезінде кезекті ұзақ күтуін барынша болдырмау және тағы басқа осы саладағы мәселелер қаралды.

Бақылау нәтижесімен анықталған кемшіліктер бойынша ұсынымдар енгізіліп, тез арада ретке келтіру ұсынылды.

Айта кетейік, аудан әкімдігі тарапынан алдағы уақытта да халыққа мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуі бақылауда болады.


Мақтааралдың қауын-қарбызы Еуропаға дейін экспортталады
Түркістан: Білім мекемелерін бақылау күшейтіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу