Мақтаарал: Белсенді жастар марапатталды

Oinet.kz 14-08-2024 69

14.jpg 

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында Халықаралық жастар күніне орай «Жалынды жастар жасасын!» атты гала-концерт өтті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Мырзакент кентінің орталық алаңында өткен іс-шараға аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысып, аудан жастарын мерекемен құттықтады. Шарада Мақтаарал және Жетісай ауданының өнерпаздары өнер көрсетіп, көрерменнің қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, белсенді еңбегімен көзге түсіп жүрген бір топ жастар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Жалпы ауданда 14 пен 35 жас аралығындағы 42064 жас бар. Осы ретте биылғы жылы жастардың бойында патриоттық сезімдерін ояту, оларға салауатты өмір салтын насихаттау және талантты жастарды қолдау бағытында 279 іс-шара өткен. Сондай-ақ, аудандағы 989 жас білім саласында, 88 жас денсаулық сақтау саласында, 139 жас мемлекеттік қызмет саласында, 89 жас құқық қорғау органдарында, 1500-ден аса жас басқа да мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындарда жұмыс істейді. Сонымен қатар, 893 жас өз-өзін жұмыспен қамтып, кәсіпкерлікпен айналысуда.

Айта кетсек, биыл 109 оқушы Үздік аттестатпен, 129 оқушы Алтын белгімен оқу жылын аяқтап, 597 оқушы грант иегері атанды. Соңғы 5 жылда ауданнан спорттан 2 әлем, 7 Азия чемпионы және 58 Республика чемпионы шыққан.


Түркістан: Биыл 6 көпір жөндеуден өтуде
Отырар: Ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу