Түркістан: Биыл 6 көпір жөндеуден өтуде

Oinet.kz 14-08-2024 52

13.jpg 

Түркістан облысы аумағында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 983,3 шақырымды құрайды. Аталған жолдардың бойында 409  көпір және 3 591  су құбырлары орналасқан.

Биыл облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Келес, Сауран, Отырар, Мақтаарал, Төлеби, Сарыағаш аудандарындағы 6 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған көпірлер жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Соның бірі Сарыағаш ауданына қарасты Сіргелі елді мекенінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-50 «Дербісек-Сарыағаш» автомобиль жолы бойындағы Тасқұлақ өзенінің үстіндегі көпір күрделі жөндеуден өткізілуде. Бүгінде мердігер мекеме «СК «Дар» ЖШС тарапынан айналма жол ұйымдастырылып, көпірді демонтаждау жұмыстары басталған. Нысан құрылысы қараша айына дейін аяқталып, көлік қозғалысына беру жоспарланған.

 


Жастар қоғамның жетекші күші
Мақтаарал: Белсенді жастар марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу