Жастар қоғамның жетекші күші

Oinet.kz 14-08-2024 59

12.jpg 

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Ордабасы ауданының жастары аудан әкімі  Азат Оралбаевпен кездесті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.  

Басқосу орталық саябақта ашық аспан астында ұйымдастырылды. Талантты жастардың өнерін тамашалап, кездесу алаңында аудан әкімі белсенді жастар тарапынан айтылған пікірлері мен жаңа бастамаларын тыңдады. Мұнан соң, Жастар ресурстық орталығының алдында мерекемен тұспа-тұс отау құрып жатқан жас отбасының заңды түрде некелері қиылып, неке қию туралы куәліктері табысталды.

Кешке орталық ашық алаңда эстрада жұлдыздарының қатысуымен “Жастар алаңы” атты гала концертпен жалғасын тапты.

“Жастар - қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін үлкен жауапкершілікке ие. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Жастар қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған. Олар қоғамның белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жастар мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады” – деген аудан әкімі Азат Оралбаев өңірдің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар белсенді жастарға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.


Қарашықта жол жөндеу жұмыстары басталды
Түркістан: Биыл 6 көпір жөндеуден өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу