Қарашықта жол жөндеу жұмыстары басталды

Oinet.kz 14-08-2024 47

11.jpg 

Түркістан облысы Сауран ауданы Қарашық елді мекеніндегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Аудан әкімінің халықпен кезекті кездесуінде аталған мәселе ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше рет көтерілген болатын. Осы орайда аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жол жөндеу жұмыстарын арнайы барып қадағалады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жолдас Мырзабековтың мәлімдеуінше, Қарашық елді мекеніндегі Құдайқұлов, Қарнақ, Қарашық, Навои және Әл-Фараби көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында «Altai Building LTD» ЖШС мекемесі жүргізуде.

Сонымен қатар, өңір басшысы Бабайқорған елді мекеніндегі Қисық Шоқпар және Қонаев көшелерінің бойындағы жаңа көпірдің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде.


Түркістан: Еңбек инспекторлары мониторинг жұмыстарын жүргізуде
Жастар қоғамның жетекші күші
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу