Отырар: Ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылуда

Oinet.kz 14-08-2024 53

15.jpg 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға қолдау көрсету мақсатында арнайы тапсырма берген болатын.

Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында жүйелі түрде іске асып келеді. Мәселен, Отырар ауданында мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы техникаларының 53 пайыздан астамы жаңартылған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстарымен танысып, шаруалармен кездесті. Ақтөбе ауыл округіндегі «Мұрат» шаруақожалығында болған аудан басшысы ондағы ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңарту жобасымен танысты. Шаруақожалық иесі жоба аясында 284 миллион теңгеге Lovol GK120C комбайны мен Кировец K-7M K-743, Lovol TD1304, Lovol TD1054, Беларус 82,1 тракторларын сатып алып, қосымша 10 адамды жұмыспен қамтыған. Кәсіпкер заманауи техникалардың көмегімен шаруашылығын одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.

Жалпы аудан бойынша 979 ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. 2023 жылы 87 ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылған болса, 2024 жылы бұл көрсеткішті 97-ге жеткізу жоспарланып отыр.


Мақтаарал: Белсенді жастар марапатталды
Димаш Құдайберген: Түркістанның жаңа кейпіне қалдым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу