«Таза Қазақстан»: Шараға орманшылар да атсалысты

Oinet.kz 12-08-2024 63

7.jpg 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өтіп жатқан "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында "Созақ орман шаруашылығы" мекемесінің қызметкерлері Созақ, Шолаққорған және Мойынқұм алқаптарының орманшылық бекеттерінде тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Шара барысында өрт маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін басты назарға алып, шыны заттар сынды тұрмыстық қалдықтар орман аумағынан шығарылып, арнайы қоқыс полигондарына жеткізілді. Тазалық жұмыстарына 28 мекеме қызметкерлері мен 2 арнайы техника жұмылдырылып, 2 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары шығарылды.

Сондай-ақ, дәл осындай шара Сарыағаш ауданында да өтті. Шараға Сарыағаш қаласы аумағындағы барлық мекемелер қатысып, А-15 трассасы, Әйтеке би, Исмайылов көшелері тазаланды. Айта кетсек, аталған аумақтың тазалық жұмыстарына 84 жұмысшы мен 8 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласы Құрал Исаұлы көшесі тұрғындары сенбілік жұмыстарына шығып, өз аумақтарын тазалалады.

Тазалық жұмыстарын одан әрі жалғастыру үшін жыл аяғына дейін жоспар құрылған. Оған сәйкес, ағаш көшеттерін егу, білім беру мен мәдениет ошақтары, шағын және орта бизнес, сауда нысандары мен базар аумақтарын тазалау, алаңдар мен көшелерді абаттандыру сынды шаралар қарастырылған. Тазалықты сақтамаған кәсіпкерлерді, сонымен қатар қоқыстарды бей-берекет тастаған азаматтарды заң шеңберінде жауапкершілікке тарту қарастырылған.


«Ұлы Қазақтың - Ұлы Абайы»
Шардара: Бағдарлама аясында жол жөнделуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу