«Ұлы Қазақтың - Ұлы Абайы»

Oinet.kz 12-08-2024 48

6.jpg 

Абай күніне орай Түркістан облысы  Бәйдібек ауданында «Ұлы Қазақтың - Ұлы Абайы» атты облыстық байқау бастау өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқауды Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Пердебек Есқұлов пен аудандық жастардың көшбасшысы Жамбыл Көрікбаев ашып беріп, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар сайысқа қатысушы таланттарға сәттілік тіледі.

Аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған байқаудың мақсаты – жастардың бойында адалдық пен сенімділікті, отансүйгіштікті қалыптастыру, Абай шығармашылығына деген қызығушылық қабілетін ояту. Аталған сайысқа облыстың түкпір-түкпірінен талант иелері қатысып Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін айтудан ІІ кезең бойынша сынға түсті.

Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ақтөре Қайрат, аудандық тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Бақыт Оспанова және Шаян мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қаламқас Мамытова әділ қазылық етіп, жеңімпаздарды анықтап берді.

Сайыс қорытындысы бойынша Орынбасар Жақсыгүл, Сағындық Сұлтан, Қалауов Азамат, Абдирманова Айсара, Үсен Балқадиша жеңіске жетті. Жеңімпаздарға дипломдар мен және қаржылай, ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Сондай-ақ, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 179 жыл толуына орай, «Қазақтың бас ақыны» атты көрме өтті. Бір аптаға жалғасатын көрмені музейге келушілер тамашалап, Абай әлеміне саяхат жасайды.

Көрме мақсаты – жастарға ақынның өмір жолындағы күресін, философиялық мәні зор қара сөздерін, өлеңдерін, әндерін, аудармаларын, жалпы рухани асыл-мұраларын насихаттау, Абай мұралары арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу, сонымен қатар, ақынның адамгершілік қасиеттерін үлгі ету.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2020 жылы 10 тамыз – Абай күні болып белгіленген болатын. Сол жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аталып өтті. Еліміздің мерекелік күнтізбесіне енген дәл осы күні әр өңірде шығармаларын насихаттайтын түрлі әдеби-мәдени шаралар ұйымдастырылады.


Арыс: Қос балабақша пайдалануға берілді
«Таза Қазақстан»: Шараға орманшылар да атсалысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу