Арыс: Қос балабақша пайдалануға берілді
Түркістан облысы Арыс қаласында мерекеге орай қос бірдей балабақшаның ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова «Нұр Аяла» және «Абудин» бөбекжай балабақшаларына барды.
«Отырар» тұрғын ауданында орналасқан екі қабаттан тұратын «Нұр Аяла» ғимараты 100 балаға шақталған. Заманауи үлгіде жабдықталған балабақшада қажетті барлық мамандар мен жабдықтар бар. Балалар қауіпсіздігі үшін бейнекамералар орнатылған. Одан бөлек, акт залы, музыка кабинеттері де қарастырылған. Бүгінде балабақша 16 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал, «Почтовый» тұрғын ауданында орналасқан екі қабатты «Абудин» балабақшасы 140 балаға арналған.
Айта кетсек, Арыс қаласының білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі 59 ұйым бар. Оның ішінде, 10 балабақша - мемлекеттік, қалған 49-ы - жекеменшік балабақша.