Шардара: Бағдарлама аясында жол жөнделуде

Oinet.kz 12-08-2024 41

8.jpg 

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының аясында Шардара ауданы Қоссейіт ауылдық округіндегі 9 көшеге асфальт төселуде. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Атап айтқанда: Асық-ата, Сейфуллин, Абай, Әйтеке би, Жамбыл, М.Әуезов, Д.Қонаев, М.Мәметова және Бектұрғанов көшелері. Асфальт төселетін ішкі жолдардың жалпы ұзындығы 9,5 шақырымды құрайды. Қоссейіт ауылында жалпы 15 көше болса, қазіргі таңда 9 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жол жөндеу жұмыстары аяқталған соң ауылдағы жақсы деңгейдегі жолдардың үлесі 100 пайызды құрамақ. Бұдан бөлек, биыл Шардара ауданында аталған бағдарлама аясында Қ.Тұрысбеков ауылындағы 5 көшеге асфальт төсеу жоспарланған.


«Таза Қазақстан»: Шараға орманшылар да атсалысты
Түркістан: Жұмыспен қамту жоспары 58 пайызға орындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу