«Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтар
Түркістан қаласындағы Түркістан облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының құрылысы жұмыстары бойынша 40963,2 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда: Жоба сметалық құжаттамада көрсетілмеген жұмыстар орындалған жұмыс туралы ф№ 2 актісіне толтырылған. Жоба сметалық есептеріне хаттама әзірленгенімен сметаларына өзгерістер енгізілмей шатырда керамзиттің орнына басқа материалдар пайдаланылған. Сондай-ақ, 459 шаршы метр фальш-пол орнатылмаған. Осы атқарылмаған жұмыс көлемдері орындалған жұмыс туралы ф№ 2 актісіне толтырылып, тапсырыс беруші тарапынан қабылдап алынған.
Н.Копбосынов,
Бас маман мемлекеттік аудитор