Түркістан: Экоакция аясында сарыағаштық әжелер немерелерімен бірге ағаш көшеттерін екті

Oinet.kz 11-04-2024 1140

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы «Таза өлке» апталығы Сарыағаш ауданында жалғасын тапты. Аудан орталығындағы «Ана мен бала» аллеясының аумағын абаттандыру, тал егу, сырлау, әктеу және тазалық жұмыстары жүргізілді. 

Screenshot_2.jpg

Шараға аудандық әйелдер және ардагерлер кеңесі жанындағы әжелер алқасының мүшелері, еріктілер мен белсенділер, жастар, түрлі мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты. Акция барысында «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып әже мен немерелер ағаш көшеттерін отырғызды. 

Сондай-ақ, акция барысында қала және ауылдық округтер аумағында бір мезгілде 2 000 түп ағаш көшеттері мен 1 000 түп гүл отырғызылды. Бұдан бөлек, 85 көшеде тазалық жұмыстары жүргізіліп, 120 тонна күл-қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, 2,5 шақырым арық-атыздар тазаланды.  

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Таза Қазақстан» акциясы аясында түлкібастық волонтерлар 30 тонна күл-қоқыс жинады
Ордабасыда «Таза қазақстан» акция аясында 15 шаруашылық канал тазартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу