Түркістан облысында шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары басталды

Oinet.kz 11-03-2024 1398

Түркістан облысында шіркейге қарсы дезинсекциялау жұмыстары Сырдария өзенінің бастауынан басталды. Мамандар облыс аумағындағы 352 шақырым Сырдария өзенін 6 аймаққа бөліп, әрбір 60 шақырымын дәрілемек. Сондай-ақ, олар дәрілік заттың төрт түлік малға, балық пен өзге тіршілік иелеріне қауіпсіз екендігін атап өтті. 

Screenshot_1.jpg

Шіркейлердің дернәсілдерімен күресу үшін дәрілерді суға жіберу әдісі, ал су қорғау және далалық аймақтарда химиялық өңдеу әдісі қолданылмақ. Дезинсекция жұмыстарының өңдеу алаңы, дәрінің көлемі - ғылыми сүйемелдеудің қорытындысына сәйкес жүргізілуде. Биыл 8 ақпаннан бастап ғылыми сүйемелдеу жұмыстары жүргізілген болатын. Аталған бағыттағы жұмыстарға 42 техника мен 96 жұмысшы күші жұмылдырылған.

Қазіргі таңда облыста шіркейлерге қарсы дәрілеу жұмыстарын мердігер «Satti Tulik» ЖШС-і жүргізуде. Дезинсекция жұмыстарына әуе ұшағы, арнайы көліктер мен мамандар тартылған. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалы ашылмақ
Түркістанда үйлестіру кеңесінің жиналысы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу