Түркістанда дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аталып өтті
Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала елі» орталығында «27 ақпан - Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні!» мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, Түркістан облысының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Шәріпбек Жамалбекұлы, «Түркістан облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы нысанындағы бірлестіктің төрайымы Инара Намазбаева және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Кездесу барысында облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтік –экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдардың белсенді өкілдері облыс әкімі Д.Сатыбалдының алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың алдағы уақытта атқарар жұмыстары пысықталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі