Түркістан қаласы 20 жаңа автобуспен толықты

Oinet.kz 02-11-2023 313

Бүгін Түркістан қаласындағы қоғамдық бағыттарға жаңа 20 автобус әкелінді. Қоғамдық көліктерді табыстау салтанатына Түркістан облыстық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысты. 

Screenshot_4.jpg

Облыс орталығында қазіргі уақытта 21 қоғамдық көлік бағыты бар. Оларға 2 тасымалдаушы мекеме («Жолаушы» ЖШС, «ТехПрофАвто» ЖШС) 220 дана қоғамдық көлікпен қызмет көрсетеді. Түркістан қаласы облыс орталығы статусын алғалы шаһарға жаңа 144 автобус алынған. Бүгін жаңадан алынған автобустар №7 және 31 бағыттарда қатынайтын болады.

ЕВРО-5 экологиялық стандарттарына сәйкес жаңадан келген «Saz LE-60» маркалы автобустар Өзбекстан елінде өндірілген. «Жолаушы» ЖШС тасымалдаушы мекемесі әр автобусты 50 млн теңгеден лизингпен алған. Жалпы сыйымдылығы - 60 адам. Автобустар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандуспен және қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Жоғарыда аталған бағыттардың барлығына электронды төлем жүйесі енгізілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысының ұстаздары Жапонияның білім беру жүйесін меңгеруде
Түркістан: «Сарыағаш-Мақтаарал» бағытында темір жол салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу