Президент реформасы: «Ауыл аманаты» жобасы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартады

Oinet.kz 28-08-2023 364

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде. Жаңа жоба біздің өңіріміз үшін өте маңызды.

Screenshot_4.jpg

Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты - ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешуге бағытталған.

Осы ретте Түркістан облысында төрт түлікті көбейтіп, ауыл шаруашылығына бет бұрған еңбеккерлердің қатары артып келеді. Соның бір дәлелі Жетісай ауданындағы Қарақай ауылдық округінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несие алған шағын отбасылық сүт фермасы бар. 7 млн теңге көлемінде несие алған ауыл тұрғыны 30 сауынды сиыр сатып алған. Бүгінде ол жылына 33,5 тонна сүт сатуды жоспарлап отыр. Осылайша ауданымыздағы тұрғындар өз кәсіптерін ашып, еңбек етуде.

Ресми деректер бойынша «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несиелер барлық тұлғаларға 2,5 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. Пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін өңірімізден 16 ауданнан 64 ауылдық округ анықталып, 75 кооператив құрылған болатын. Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ - на «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс көлемінде 10,3 млрд теңге құрайтын 1 679 жобаға өтініш келіп түскен. Оның 1 272 жоба мақұлданып, жобаны іске асыру нәтижесінде, 3 200 жоба қаржыландырылып, 3 400 - ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде және тұрғындардың күн көріс деңгейі 1,5 есеге ұлғаяды деп жоспарланған. 

Бақыт-Мұхаммед ЖАҢБЫРБАЕВ, 

Жетісай аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, Қазақ күресінен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы

Туркестанский областной штаб по борьбе с терроризмом
Түркістанда Конституция күні мерекеленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу