ТҮРКІСТАН: Жазғы сауықтыру лагерінде 200 мыңнан астам бала демалды

Oinet.kz 22-08-2023 302

Түркістан облысында 2022-2023 жылында жалпы жазғы сауықтырумен 200 мыңнан астам бала қамтылған. Жалпы облыста биыл 17 жазғы сауықтыру лагері қызмет көрсетті. Оның 7-уі мемлекеттік, 10-ы жекеменшік.

Screenshot_15.jpg

Қала сыртындағы лагерлер – 41 597 балаға, мектеп жанындағы лагерлер – 153 000 балаға ұйымдастырылды. Бұл 37%-ды құрайды. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 23 207 бала бюджет есебінен тегін,  15 мыңға жуық бала ата-аналар есебінен ақылы демалды.

«Қазақстан Халқына» Қоры есебінен облыста 3 390 бала жазғы сауықтыру лагерлерімен (Түлкібас ауданында орналасқан «Арман», «Ерке» лагерлерінде) тегін қамтылды. Сондай-ақ мектеп жанындағы бір реттік тамақпен қамтитын – 330 лагерь (19 800 бала қамтылды), 580 ойын-сауықтыру алаңшалары (23 200 бала қамтылды) балалар үшін тегін қызмет көрсетті.

Қала сыртындағы лагерлер 2022-2023 оқу жылында маусым айынының бірінші онкүндігінде ашылып, жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетті. Бірінші ауысым ағымдағы жылғы  3 маусым күні  басталған. Сондай-ақ, «Самал» лагерінде облыстағы 2 отбасылық үлгісіндегі балалар ауылының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 170 тәрбиеленуші жаз бойы демалыстарын сонда өткізді.

Ал 2023 жылы 1050 бала «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру лагерлерінде сауықтырылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы қала сыртындағы лагерлерді ағымдағы жөндеуден өткізуге 52,0 млн. теңге қаржы қаралған. Айта кетерлігі, бір баланың жазғы сауықтыру құны – 30 252 теңгені құрады

Түркістан облысы бойынша жазғы сауықтыру лагерлері соңғы лекті қабылдады. Жаз бойы онда ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру» оқу-әдістемелік орталығының «Жаз қызығы – көңілді демалыс» жаздық іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас  туристер станциясы» мекемесі бірқатар шаралар ұйымдастырып, оқушылардың демалыс уақытын тиімді пайдаланды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде
Қазақстан - татулық пен келісім мекені
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу