Түркістан: Кәсіпкерлер жер учаскелерін жыл көлемінде ресімдей алмаған
Арыс қаласында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру үшін жер учаскелерін жыл көлемінде ресімдей алмаған бір топ кәсіпкерлер Түркістан облысының әкімдігінің іс-әрекетіне шағым түсірді.
Шағымда жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыру бойынша жасалған келісім шарттары бола тұра, жерлерді пайдалану үшін тиісті құжаттарын ресімдеуде Облыстық әкімдік жанындағы жер комиссиясы кәсіпкерлерге кедергі жасалып жатқаны жазылған.
Бизнес өкілдерінің шағымын Облыстық кәсіпкерлер палатасының, Облыстық әкімдік жанындағы жер комиссиясының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері бірлесіп қарауының нәтижесінде, Арыс қаласында орналасқан «Қожатоғай» кен орнында жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы қорытындылар шығарылды.
Осылайша, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалып, жазған арыздары өз шешімін тапты.