Еркінабадта жаңа мектеп салынып жатыр
Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Бірлік ауылдық округі Еркінабад ауылына жұмыс сапарымен барып, осындағы 200 орындық мектеп ғимаратының құрылысымен танысты. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасаөз қызметі хабарлады.
Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен құрылысы жүріп жатқан нысанның бас мердігері - "Казспецстрой 2020" ЖШС-і, авторлық қадағалаушысы - "Мелиосервис-К" ЖШС-і болса, "Абил Строй Инжиниринг" ЖШС-і техникалық жағынан қадағалап отыр.
Жалпы құрылыс нысанының конкурстық құны 522 миллион теңгені құрайды. Заманауи мектеп ғимараты 2024 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Аудан басшысы құрылыс нысанының жобалық-сметталық құжаттамаға сәйкес сапасын тексеріп, кейбір орын алған кемішіліктер бойынша мердігер мекеменің басшылығына ескертулер берді. Сондай-ақ, нысанды өз уақтында тапсыру керектігін атап өтті.
Айта кетейік, жаңа мектеп ғимаратында оқушылар үшін барлық жағдайлар қарастырылатын болады. Атап айтқанда, физика, химия, информатика, технология кабинеттері, мультимедиялық және лингафондық кабинеттері соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталады. Сондай-ақ, кітапханасы, спорт залы, асханасы болады.