Мақтааралдың әкімі көшпелі кездесу өткізді
Мемлекет басшысының "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Мақтаарал ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасаөз қызметі хабарлады.
Жиын барысында Бақыт Насырханұлы жыл басынан бері атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобалар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, кездесуде халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, округтегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті.
Жиын соңында халыққа ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар спикерге өздерін толғандырған сұрақтарды қойды. Б.Асанов мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен жауап беріп, кезек күттірмейтін мәселелер шешімін табатынын айтып түсіндірді. Сондай-ақ, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді.
Осындай кездесу Бірлік ауылдық округінде өтті. Жиын барысында Бақыт Насырханұлы жыл басынан бері атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобалар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, кездесуде халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, округтегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті.