Түркістан: Созақтық жас туристер Арпаөзен петроглифтеріне танымдық экскурсия жасады

Oinet.kz 15-07-2023 260

«Облыстық жас туристер станциясы» КММ Созақ аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығы» «Жаз қызығы – көңілді демалыс» іс-шаралар жоспарына сәйкес Арпаөзен петроглифтеріне экскурсия жасады.

Screenshot_11.jpg

Шара туған өлкенің тарихи мәдени және рухани мұрасын, өз елінің тарихына деген құрметін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Түркістан облысының Созақ ауданы Абай ауылының оңтүстік-батысында 7 км жерде, Қаратаудың Келіншектау деген жотасында орналасқан Арпаөзен таңбалы тастары немесе Арпаөзен петроглифтері – қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштерінің бірі. Жартасқа таңбаланған суреттердің жалпы саны 3,5 мың. Негізгі сюжеттері аңшылыққа, жаугершілік тақырыпқа және жан-жануарлар тіршілігіне арналған. Қос аяқты ат, өгіз және түйе жеккен соғыс және шаруашылық арбалары кездеседі. 

Сақ заманының петроглифтерінде жабайы аңдардың, жануарлардың бір-бірімен айқасқан қимылдары арқылы өткен заманның шым-шытырық оқиғаларын көруге болады. Жартастағы суреттерде жыл мезгілдерінің ауысуы сияқты табиғи құбылыстарды да айқын аңғаруға болады. Жас туристтерді қызықтырғаны петроглифтердің біздің заманымызға дейін жақсы сақталғаны болды. Бұл жәдігерлерді одан әрі де сақтап ашық аспан астында мұражай жасау керектігін сөз етті. Жас туристеріміз таңбалы тастармен танысып, Арпаөзен петроглифтері туралы қызықты мәліметтер алып, танымдық-экскурсия жасады.  Өз кезегінде мұндай экскурсиялар жас туристтердің туған жердің тарихын терең тануға, жастардың бойында ата-бабаларына деген құрметті және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз.

Түркістан: 142 жастың бизнес-жоспары мақұлданды
«Ауыл аманаты»: Созақтық 13 азамат несие алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу