Төлеби ауданының әкімі жеке қабылдау өткізді

Oinet.kz 05-07-2023 217

45.jpg

Бекітілген кестеге сай Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қабылдауға келгендер негізінен табиғи газ, аяқ жол, ауыз суға қатысты туындаған сұрақтарын қойып, өтініштерін жеткізді.

Қарақия елді мекенінің тұрғыны Ж.Бектаев қымыз өндіру, саумалмен емдеу орталығын іске қосуды жоспарлағанын айтып, жеке кәсібін жүргізуге қажетті жер телімдерін қарастыруға көмек сұрады.

Ленгір қаласының тұрғыны А.Абдуллаев Достық көшесіндегі аяқ жол құрылысын аяқтап, автокөлік жолын ретке келтіруді, Амангелді көшесіне түнгі жарық орнатуды сұранды.

Т.Ажиева өзінің тұрмыстық жағдайын, әлеуметтік көмекке мұқтаж екендігін, тұрғын үй кезегінде 2016 жылдан бері тұрғанын, 3 баласының мүмкіндігі шектеулі екенін айтып, баспана бөлуде жағдайын ескере отырып, комиссия шешімінің оң қорытынды алуға ықпал етуін өтінді.

Кенші көшесінің тұрғындары табиғи газға қосылуға қажетті құжаттарды реттеу жұмысын жылдамдатуды сұранды.

Ленгір қаласы, Шапағат мөлтек ауданының тұрғындары коммуналдық үйлерді жекешелендіруге қатысты сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес алды.

Кәсіпкер С.Тұрлыбеков таулы аймаққа барар жолдан 49 жылға жалға жер алғанын, қазіргі кезде құны 1,2 млрд теңгені құрайтын қонақ үй құрылысын жүргізіп жатқанын айтып, электр энергиясын тарту үшін техникалық шарттарға алуға қолдау сұрады.

Аудандағы ең жас ақын, Диханкөл елді мекенінің тұрғыны Н.Дүйсенбек өзінің ҚР Жазушылар Одағына кандидат ретінде тіркелгенін, ол үшін Алматы қаласына сапарға шығатынын айтып, бағдарламасымен таныстырды. Шығармашылығына қолдау көрсетіп жүрген Төлеген Тұртайұлына алғысын жеткізді.

Көксәйек елді мекенінің тұрғыны К.Мұздыбаева ауыз су мәселесіне қатысты туындаған сұрақтарын қойып, даулы мәселені шешуге ықпал етуді өтінді.

Керегетас елді мекенінің тумасы, кәсіпкер «Аспан Азия» ЖШС-нің директоры туған жеріне спорт кешені мен саумалмен емдеу орталығының құрылысын жүргізуді жоспарлағанын, ол бойынша елді мекенде туындаған мәселені шешіп, қолдау көрсетуді сұранды.

Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы қабылдауға келген тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы заңдылықтарға сәйкес жергілікті билік органының өз құзыреті аясында мәселелерді шешу мақсатында тиісті шаралар қабылданып, жұмыс жүргізілетіндігін айтты.


Төлеби ауданы: Кірісті көбейту мәселесі талқыланды
Төлеби ауданы: 6 айда байланыс орталығына 2574 өтінім түскен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу