Төлеби ауданы: Кірісті көбейту мәселесі талқыланды

Oinet.kz 05-07-2023 241

44.jpg

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында салық түсімдерін реттеу, бюджеттің кіріс көлемін көбейту мәселесін талқылау бағытында жиын өтті. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжіліске аудан әкімі Төлеген Телғараев төрағалық етіп, бюджет қаржысын жұмсаумен қатар, кірісін ұлғайтудың басқа да тетігін ойластыру қажеттігін сөз етті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық мәслихат депутаттары, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мекеме басшыларымен, жеке сот орындаушылары қатысты.

Аудандық кірістер басқармасының басшысы Сұлтанбек Ердыкалыков мүлік және көлік салығын төлеуден бас тартқан берешегі бар тұрғындарға қатысты шара көруді ұсынып, салық – бюджеттің кірісінің негізгі бөлігі болып саналатынын айтты. Салықтар кіріс алатын заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыруға қатысу міндеттерін білдіреді, сондықтан, кез-келген меншік иесі мүлік салығын төлеуі қажет.

Мәжіліс барысында аудан әкімі Төлеген Телғараев жылжымайтын мүліктің құнын нарық бағасымен бағалап, салық салу қажеттігін сөз етіп, аудан аумағында әрекет ететін коммерциялық нысандар мен мердігер мекемелерді кәсіпкерлік нысан ретінде тіркеліп, салық төлеуін ұйымдастыруды тапсырды.

Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша осы салықты есептеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ айқындайтын құнға байланысты салық мөлшерлемелерінің прогрессивті шкаласы белгіленгенін, дегенмен аудан аумағында қымбат үйлерге болмашы ғана салық төлейтіні сөз болды. Сол сияқты көлік құралдары салығы бойынша қозғалтқыштың көлеміне байланысты салық мөлшерлемелерінің прогрессивті шкаласы белгіленгенімен, кейбір мекеме қызметкерлерінің салықтан берешектері бар екені анықталды.

Аудан әкімінің орынбасары Бақберген Құралбаев бюджеттің кірісі мен шығысына қатысты ақпарат берді. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы жылжымайтын мүліктің бағалау құны мен нарықтық құны реттеуді, көлік салығы бойынша рейдтік іс-шараларды ұйымдастыруды тапсырды.


Дербісекте мектеп құрылысы басталды
Төлеби ауданының әкімі жеке қабылдау өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу