Таукенттің көшелері жарықтандырылуда
2021 жылы елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірленді. Ұлттық жобаның мақсаты халықтың базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды, көліктік байланыстылықты жақсарту және елдің транзиттік әлеуетін, сондай-ақ халықтың ұтқырлығын арттыру болып табылады. Осы мақсатта биыл Созақ ауданы, Таукент кент округінде халықтың сұранысына орай тиісті инфрақұрылым жұмыстары атқарылып жатыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда І. Кеңесбаев көшесі мен «Орталық» саябақтың жарықшамдары қалпына келтірілді. Сондай-ақ Жыныс ата көшесі мен кент ішіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына жарықтандыру жұмыстары толығымен жүргізілді.
Кент округте биыл қосымша Мыңжылқы, Мәңгілік ел, Болашақ, Тұран, Қаратау, Қ.Сәтбаев, Е.Ерімбетов, Бәйтерек көшелеріне жарықшамдар орнатылып, бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жандана түспек.
Сонымен қатар, демеушілер есебінен Геологтар, Бейбітшілік, Тәуелсіздік көшелері де қамтылып, Таукент кент округінде жалпы алғанда 11 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.