Келес: Көпірдің мәселесі шешімін тапты

Oinet.kz 09-07-2023 259

23.jpg

Түркістан облысы Келес ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-21 «Қошқарата-Бесқұбыр-Жамбыл-Жүзімдік-Жаңадәуір-А15» автомобиль жолының 39+900 шақырымындағы (Жаңадәуір е/м) көпірдің ені 4,5 метрді құрайды. Қазіргі уақытта аталған көпірдің жағалаулары шайылып, қауіпті жағдайға жеткен.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша,  бүгінгі таңда Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Қошқарата-Бесқұбыр-Жамбыл-Жүзімдік-Жаңадәуір елді мекендерін жалғайтын күре жолдың бойындағы көпірді күрделі жөндеуден өткізуге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, жөндеу жұмыстарын жүргізуге мердігер мекеме «Корпорация Береке А» ЖШС анықталды. Қазіргі таңда келісімшарттар рәсімделіп жатыр. 

Нысанның жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес, күрделі жөндеуден өткізілетін көпірдің ұзындығы 54 метр, ені 14 метрге жеткізіледі.


Таукенттің көшелері жарықтандырылуда
Сайрам: Тұрғындардың мәселесі бақылауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу