Бақша дақылдары егістігінің 60%-ы –Түркістан облысында
Биыл Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 16911 гектар жерге бақша дақылдары егілген. Оның ішінде 5699 гектар жерге пленкалы қауын, 10666 гектар жерге ашық қауын, 380 гектар пленкалы қарбыз, 166 гектар жерге ашық қарбыз орналастырылған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Аудан бойынша қазіргі таңда 139852 тонна бақша өнімі жиналған. Шаруалар бақша өнімдерін алғашқы піскен кезде 1 келісі үшін 550 теңгеден (қауының 1 қорабы 17-20 кг болып есептелінеді) Қазақстан аумағына импорттап, ТМД және Ресей мемлекеттеріне экспорттаған.
Бүгінгі таңда бақша өнімдерінің көбеюіне байланысты қауынның 1 келісі 70-80 теңге аралығында қабылданып жатыр. Баға нарықтың сұранысына сай өзгеріп отырады.
Жалпы биыл Түркістан облысында бақша дақылдары 71,3 мың га орналастырылған ( 2022 жылы 68,9 мың га). Оның ішінде қарбыз 25,4 мың гектарға, қауын 45,9 мың гектарға егілді. Бұл республикадағы бақша дақылдары егістігінің 60%-ы.
Облыста өндірілген бақша өнімі облыс халқының қажеттілігінен 41 есе, Республика халқын 3,6 есеге артық өндіріледі. Сондықтан бақша өнімі Түркістан облысы үшін экспортқа бағытталған мақтадан кейінгі екінші өнім болып отыр. Бүгінгі күнге облыс аумағында 176 мың тн қарбыз, 405 мың тонна кауын өнім жиналып, ішкі сұраныстан артық көлемдері Ресей, Беларуссия, Латвия елдеріне экспортталуда. Облыстағы бақша өнімдерінің бағасы 50-60 тг/кг ды құрайды.
Жалпы биыл тауар өндірушілерді қолдауға мемлекет тарапынан сатып алынған минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға 6,5 млрд. теңге, сатып алынған пестицид және биогенттерді субсидиялауға 375 млн. теңге және тұқым шаруашылығын қолдауға 600 млн қарастырылып, қолдау көрсетіліп жатыр.
Сондай-ақ, тауар өндірушілерге егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізу үшін өткен жылғы желтоқсан айынан бастап, Аграрлық Несие Корпорациясы арқылы 11,4 млрд. теңге несие қаржысымен қамтамасыз етілді және 48,2 мың тонна арзандатылған жанар жағармай босатылды.