Кентауда креативті жастарға арналған форум өтті

Oinet.kz 08-07-2023 129

19.jpg

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың қолдауымен, Кентау қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастырумен ерекше форматта «Жастар форумы» өтті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Аталған форум аясында «Кентау келбеті» атты жастар арасында 4 бағыт бойынша сайыс ұйымдастырылды. Нақтырақ айтқанда, қатысушылар мобилография, блогерлік, фотография және модельдік салаларынан сынға түсті.

Креативті жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әрі талантты жастарға арналған алаң құруды мақсат еткен жобаға 60-қа жуық жас қатысты. 

Жобаның мақсаты - Кентау қаласының табиғатын, тыныс-тіршілігін, көрікті жерлерін, келбетін жастар арқылы көрсету және жастардың достық қарым-қатынасын нығайту, жобаның 4 бағыты бойынша үздіктерді анықтау. 

Қатысушылар Кентау мен оның айналасындағы ауыл-аймақтарды аралап, керемет локацияларды көрсете отырып қаланың сұлулығын көрсетуге тырысты. Фотографтар модель арқылы қала бейнесін көрсетуге жұмыс істесе, блогерлер өтіп жатқан форум мен қаладағы көрікті жерлер жайында ақпаратты жазып та, айтып та жеткізді. Мобилографтар Кентау туралы тартымды идеяға толы бейнероликтерді түсірді.

Сайысқа Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің аға оқытушысы және «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Абдыраймұлы, қала белсендісі, жоба авторы Гүлжан Серікқызы, мобилограф Есімхан Абдығаппар, «Түркістан Аруы – 2022» байқауының жеңімпазы Назерке Абылайхан әділ қазылық етті.

Нәтижесінде “Үздік блогер” номинациясы бойынша 1-орынды Мұқан Айжан, 2-орынды Беисембиева Салтанат, 3-орынды Мөлдір Бекеева, 4-орынды Ермекбаева Арайлым иеленді. Ал “Үздік модель” номинациясы бойынша 1-орынға Сыздықова Аида, 2-орынға Сауранбекова Арай, 3-орынға Дәурен Дәрібаев, 4-орынға Талгат Искаков лайық деп танылды. “Үздік фотограф” номинациясы бойынша 1-орынды Қойшыбаев Мұхамедәлі жеіп алса, 2-орын Бұрқан Ақеркеге, 3-орын Әбдіқадырова Гүлімге, 4-орын Исмаилов Қуанышбекке бұйырды. “Үздік мобилограф” номинациясы бойынша 1-орынды Ыдырысов Әли, 2-орынды Аманбай Ерсін, 3-орынды Нұрділдә Ерсін, 4-орынды Қаныбек Дәулет иеленді. 

Шара барысында қала әкімі Жандос Тасов барлық марапат иелерін арнайы құттықтап, саланың дамуына үлес қосып жүрген белсенді жастарды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ форумға қатысқан әр қатысушыға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.


Түркістан: Биыл 160 мүгедек қайтарымсыз грант алды
Бақша дақылдары егістігінің 60%-ы –Түркістан облысында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу