Сарыағаштың әкімі жеке қабылдау өткізді

Oinet.kz 03-07-2023 494

54.jpg 

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша арнайы қабылдады. Жеке қабылдауда алдын ала жазылған 27 тұрғынның мәселесі қаралды. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алдымен аудан әкімі Арман Абдуллаев ерекше қажеттілігі бар азаматтарды 1-қабатқа түсіп, арнайы қабылдады. Аталған азаматтар шипажайға жолдама беру, инва таксидің жетіспеушілігі, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға кабинет беру мәселесі бойынша келгендерін баяндады.

Сонымен қатар, жеке қабылдауға келген тұрғындар жолға асфальт төсеу, жайылым жер, ағын су, жерді құжаттандыру, аяқ жол салу, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, тұрғын үй кезегі, коммуналдық арендалық тұрғын үйден пәтер беру және басқа да жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев қабылдау барысында тұрғындар көтерген сұрақтарға жіті тоқталып, заң аясында нақты жауап берді. 

Сондай-ақ, тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала және ауылдық округ әкімдеріне әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Сондай-ақ,  Арман Абдуллаевтың төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе аудандағы төтенше жағдайлар мәселері суға шомылудағы қауіпсіздік және өрттің алдын алу шаралары жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Н.Бексейтов баяндама жасады.

Екінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы О.Ыбрай, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы Б.Утемісов және аудан әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімшесінің басшысы Н.Қанатбаев облыс, аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының және жеке қабылдау барысында берілген тапсырмаларының орындалуы туралы хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында аудан бюджетінің күтілімді игерілуі, индикаторларының орындалуы бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғ.Мейманбаев баяндады.

- Сіздерге нақты тапсырма берілді ме, оны межесіне жеткізіп орындауға міндеттісіздер. Себебі сіздер мамансыздар, «жасалып жатыр», «орындалып жатыр» деген сөздердің орнына нақты іске көшіңіздер. 

Ауыл әкімдері мен бөлім басшылары, сіздердің бұл сан түрлі себептеріңіз,берілген тапсырманың орындалмауына кедергі емес-деді аудан басшысы Арман Абдуллаев.

Мәжіліс барысында нақты тапсырмалар беріліп, тақырыптар кеңінен талқыланды. Аудан басшысы көтерілген мәселелер тұрақты бақылауда болатындығын атап өтті.


Сарыағаштың шипалы суына сұраныс артуда
Мақсат-жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу