Сарыағаштың шипалы суына сұраныс артуда

Oinet.kz 03-07-2023 507

Screenshot_8.png

Сарығаш — шипалы суымен күллі Қазақстанға ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де кеңінен танылған аймақ. Бүгінде дертіне шипа табам деп іздеп келушілер саны артуда. 

Сарыағаш ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 

шипажайға деген сұраныс жоғары болғандықтан аудан аумағындағы шипажайлар саны да жыл сайын көбеюде. Бұл деген ең алдымен жұмыссыз халықты жұмыспен қамтып, сондай-ақ аудан бюджетінің ұлғаюына өз септігін тигізуде. Сонымен қатар, аудандағы туризм саласының дамуына да айрықша үлесін қосуда.

Жерасты суы мың бір ауруға ем болғасын, тұрақты келетіндер көп. Әсіресе, ағзадағы ішек, асқазан аурулары, сосын өтін алдырғандар үшін таптырмайтын мекен осы саялы - Сарыағаш.

Бүгінгі таңда, ауданда 57 шипажай жұмыс істеуде. Ағымдағы жылдың 5 –айында ауданға 34 мыңға жуық туристер келген. 


Сайрам: Елді мекендердің проблемалары талқыланды
Сарыағаштың әкімі жеке қабылдау өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу