Сайрам: Елді мекендердің проблемалары талқыланды

Oinet.kz 01-07-2023 246

  Screenshot_7.png

Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Арыс ауылдық округіндегі атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелері бойынша ауыл әкімі М.Сиддиковты қабылдады. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Күн тәртібінде Арыс ауылдық округі әкімінің ағымдағы жылдың қазіргі таңына дейін атқарған жұмыстары және өзекті мәселелері қаралды. Бюджеттің игерілуі, оның ішінде салық түсімдерінің орындалуы, жайылым жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру, инфрақұрылым мәселелері тыңдалды. 

Ауыл округі аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстармен қоса, шешімін қажет ететін өзекті мәселелер де бар. Мысалы, тұрғындарды тұрақты түрде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, Қожақорған елді мекеніндегі Жаңақұрылыс аумағына табиғи газ тарту, Нұржанқорған елді мекеніндегі Атамекен көшесіне аяқжол салып, лоток орнату.

Осы және өзге мәселелермен танысқан аудан басшысы А.Сәбитов бірінші кезекте инфрақұрылым мәселесін бітіруді, оның ішінде халықтың жиі көтеріп жүрген өзекті мәселелерін күн тәртібінен түсірмеу керек екендігін тапсырды.

Аудан әкімі Арман Сәбитовтің ауыл округі әкімдігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстары мен шешімін қажет ететін маңызды мәселелермен танысу жалғасын табуда. Кезекті қабылдауда болған – Құтарыс ауыл округі. Округ әкімдігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі ретінде бірқатар маңызды мәселелер шешімін тапқан. Алдағы уақытта 4 көшеге асфальт төсек жұмыстары жүзеге асса, көрсеткіш 100 пайыз болады. Бұл округтегі барлық көшесіне асфальт төселген үшінші ауыл округ. 

Ал Ақарыс ауылына 5,5 шақырым қашықтықта болса да елді мекеннің бір көшесі ретінде бекітілген «Авангард» аумағы орналасқан. Ордабасы ауданы, Аққойлы елді мекені шекарасында орналасқан бұл учаскеде 21 үй бар. Аудан әкімі А.Сәбитов осы учаскені елді мекен шегіне кіргізу жұмыстарын заң аясында жүргізу қажеттігін тапсырды.

Одан бөлек, аудан басшысы ауыл округі тарапынан атқарылуы қажет маңызды мәселелергі тоқталып, нақты тапсырмалар берді.

Аудан басшысы Қарамұрт ауыл округіндегі атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелермен де танысты. Ауыл округінде тиісті жұмыстар атқарылып жатқанымен шешімін қажет ететін маңызды мәселелер де жоқ емес. Олардың әрбірімен жіті танысып шыққан аудан басшысы оның шешу жолдары бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Мысалы, биылғы қыста «ҚарамұртГаз» ЖШС-нен газ тұтынушы 600-ге тұрғын жылусыз қалған болатын. Осы мәселені шешу үшін ауыл тұрғындары арасында «ҚазТрансГаз» АҚ-на тұтынушы ретінде өту қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. 

Одан бөлек, осыған дейін Төле би ауданы шекарасындағы күл-қоқыс полигонына қатысты тұрғындар тарапынан арыз жиі түскен болатын. Бұл мәселе де күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Аталған проблеманы заң аясында тездетіп шешу қажет. 

Сондай-ақ, өрт сөндіру бекетін салу мәселесі жиі көтеріліп келуде. Себебі, тілсіз жау – өрт болған жағдайда өрт сөндіруші көліктер Төле би ауданынан келеді. Жайылым жерлерді қайтару, жаңақұрылыс аумағына инфрақұрылым жүргізу бойынша да ауыл әкімі мен салалық бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.


Сайрам: Өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланды
Сарыағаштың шипалы суына сұраныс артуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу