Кәсіпкер құжаттарын рәсімдеу барысында әкімшілік кедергілерге тап болған

Oinet.kz 27-06-2023 446

Отырар ауданында кәсіпкерлік қызметті жалғастыруға ниет білдірген бизнес өкілі жердің нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі құжаттарды ресімдеу кезінде Отырар ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі тарапынан әкімшілік кедергілерге тап болғаны туралы шағым түсірді.

Screenshot_8.jpg

Бизнес өкілінің шағымын облыстық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қарау барысында, аудан әкімдігі тарапынан 3 ай көлемінде жайылым жерден жылыжай салуға жердің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде созбалаңдыққа салынғаны, әкімшілік кедергілер жасалғаны белгілі болды.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тікелей араласуымен кәсіпкердің мәселесі аудан әкімінің бақылауына алынып, нәтижесінде Отырар ауданы әкімінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулысы шықты. Кәсіпкердің құқықтары құқық белгілейтін құжатты алу жолымен қорғалып, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысына «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза берілді.


Түркістан облысына тартылған инвестиция көлемі 3 есе артты
Комиссия отырысында жер қатынастары саласында анықталған заңбұзушылықтар талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу