«Кентау-Түркістан әуежайы» тас жолы биыл аяқталады

Oinet.kz 22-06-2023 483

40.jpg

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен 2020-2023 жылдары "Түркістан қаласына Кентау қаласынан кіреберіс жолды қайта құру" нысанының жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Жобаға сәйкес жолдың ұзындығы 26 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда жолдың жоғарғы қабаты, майда түйіршікті асфальтобетон жабындысы салынып жатыр. Нысан биыл қыркүйек айында толығымен пайдалануға берілмек.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, аталған жолды салып жатқан  мердігер мекеме "Корпорация Береке А" ЖШС, авторлық қадағалаушы мекеме - "Алматы Жоба" ЖШС, техникалық қадағалаушы мекеме - "Ер-гарант строй" ЖШС.

Айта кетері, елімізде 2021 жылы «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері Ұлттық жобасы қабылданған. Ұлттық жобаны іске асырудың мақсаты базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру болып табылады. 


Түркістан: 8162 мүгедек арнаулы қызметтермен қамтылды
Күн тәртібінде-инвестиция тарту
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу