Күн тәртібінде-инвестиция тарту

Oinet.kz 22-06-2023 389

41.jpg

Түркістан облысы  Жетісай ауданының әкімі Серік  Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, барлық бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мәжілістің күн тәртібінде ауданға инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру, құрылыс нысандарының сапасы мен саны, ауыл шаруашылығы саласы мен мүлік және жер, көлік салықтары бойынша жоспарлы жұмыстардың орындалуы сөз болып, атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. 

Жыл қорытындысы бойынша орындадмау қаупі бар кәсіпкерлік, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, білім салалары бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалып, алдағы атқарылар жоспарлар талқыланды.

Жиын соңында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан активімен кездесуі барысында көтерілген сын-ескертпелердің орындалуы, әсіресе, инвестиция тарту, мал басы санын арттыру мен өндіріс орындарын ашу, өзіндік кірістердің көлемін арттыру, мемлекеттік сатып алу және әлеуметтік сала, жұмыспен қамту, электр, ауыз су және жол жөндеу мәселелері бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар берген аудан басшысы аталмыш бағыттар бойынша бірінші жарты жылдықтың қорытындысымен қайта талқыланатынын айтты. Тиісті тапсырмаларды орындай алмаған және индикаторлық көрсеткіштердің үдесінен шыға алмаған басшыларға шара көрілетін болады.


«Кентау-Түркістан әуежайы» тас жолы биыл аяқталады
Дархан Сатыбалды: Құрылыс нысандары уақытылы берілуі тиіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу