«Мұнайлы аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Маңғыстау облысы бойынша «Мұнайлы аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс – шараның қорытындысы.
«Мұнайлы аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы №392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 129- тармағына негізделе отырып жүргізілген тексеру барысында, ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының №648 бұйрығымен бекітілген 238- тармағының 2 тармақшасы сақталмай жалпы сомасы 12 814,3 мың теңгеге мемлкеттік сатып алудың қорытындысына әсер ететін заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталған.
Осы ретте кеткен заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартып;
Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасындағы келісім шартты бұзып, тиісті шаралар қабылдау туралы аудитордың нұсқамасында көрсетілген мерзімге дейін жою туралы ұсынысты орындауға міндетті.
Нұсқаманы орындамаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 25 – бабы 3 тармағына сәйкес жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік іс қозғалатындығы туралы ескертілген.
ҚР Қаржы Министрлігі «Ішкі Мемлекеттік Аудит Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша
Ішкі Мемлекеттік аудит Департаменті» РММ – нің мемлекеттік аудиторы
Бекжанов А.