Маңғыстау ауданы «Шетпе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген аудит нәтижесі

Oinet.kz 22-06-2023 552

Маңғыстау ауданы «Шетпе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген аудит нәтижесінде 20 313,4 теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 611,6 мың теңге бюджетке өтеуге және 19 696,8 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Ішкі мемлекеттік аудит барысында мынандай шаралар қабылданды: 611,6 мың теңге аудиторлық тексеру барысында бюджетке өндірілді.

2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 97-бабы 6-тармағының, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 272-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабы 1-тармағының талаптарына қайшы «Шетпе ауылы әкімінің аппараты» ММ мен «Мантеком» ЖШС-і арасында 2020 жылдың 22 мамырында №42 (990740003231/200042/00) келісім-шарт бойынша «Шетпе ауылы орталық саябақ монумент аймағын орташа жөндеу және орталық алаңды абаттандыру жұмыстары» объектісінде мердігер «Мантеком» ЖШС-і өзіне алған міндеттемелердің 611,6 мың теңге сомасына толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз етпеген.  

Қағиданың 18, 196, 223 тармақтарына қайшы, мемлекеттік мекемемен «Шетпе ауылы әкімі аппараты» ММ-нің қоймасында жатқан 250 дана бетон балясинасы 392,5 мың теңге бухгалтерлік есепте көрсетілмеген және қойма есебі тиісті ұйымдастырылмаған. 

Қағиданың 18, 243 тармағының талаптарына қайшы 600 дана бетон балясинасы бар қоршау, светодиотдық экраны бар тунельдік арка және     50 дана арқалы орындықтар жалпы сомасы 19 309,3 мың теңге бухгалтерлік есепте көрсетілмеген.

Мекемеде «Шетпе ауылы орталық саябақ монумент аймағын орташа жөндеу және орталық алаңды абаттандыру жұмыстары»  нысандарының құрылысына бөлінген бюджет қаражатының мақсатты пайдалануына бұрын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, құқық қорғау органдары және басқа бақылау және қадағалау органдары тарапынан тексерулер жүргізілмеген. 

ҚР Қаржы Министрлігі «Ішкі Мемлекеттік Аудит Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша

Ішкі Мемлекеттік аудит Департаменті» РММ – нің мемлекеттік аудиторы

Бекжанов А. Б.

Коммунальное государственное учреждение «Центр Школьник»
Хозяйственного ведения "ОЗЕНИНВЕСТ" акимата города Жанаозен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу