Шіркейге қарсы дәрілеу жүріп жатыр
Түркістан облысы Отырар ауданында масалар мен шіркейлердің жаппай көбеюін болдырмау мақсатында дезинсекциялық жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дизинфекциялау жұмыстарына «SATTI TULIK» ЖШС-ның 12 арнайы мамандары мен 5 техникалық көліктері, сонымен қатар 18 арнайы маман, 7 техникалық көлік, 2 су қайығы жұмылдырылған.
Аудан тұрғындары мен қонақ¬тарының жайлы демалуы үшін адам көп жиналатын орындарға – саябақтарға, жағалауларға, гүлзарларға және т. б. ерекше көңіл бөлінген. Бүгінде су қорғау аймақтарын, яғни жағалаудағы ағаштардың бұталары мен елдімекен, демалыс аумақтарда химиялық инсектицидтер өңдеу әдісін қолдану арқылы тиісті дәрілеу жұмыстары атқарылуда. Бұдан бөлек Сырдария өзенін жағалай орналасқан Балтакөл, Маяқұм, Көксарай, Аққұм ауыл округтеріне қарасты елді мекендер мен Шәуілдір ауыл округіндегі Арыс өзенінің жағалауларында залалсыздандыру жұмыстары атқарылды.
Бұл дезинсекциялық іс-шаралар жәндіктердің санын азайтуға бағытталған. Мамандардың айтуынша аталған шаралар олардың санын 90 пайызға дейін жоюға және азайтуға мүмкіндік береді және дезинсекциялық іс-шараларды жүргізу кезінде сақтық шараларын сақтау маңызды.