Шегірткеге қарсы күрес жалғасуда

Oinet.kz 12-05-2023 446

48.jpg

Төлеби ауданы аумағында марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары мамыр айының 10-нан басталды. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ауылшаруашылық дақылдарына аса қауіпті шегірткеге қарсы күрес барысын аудан әкімінің орынбасары Бақберген Құралбаев пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев бақылады. 

Бақберген Тәңірбергенұлы «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РМК Түркістан облысының Төлеби аудандық филиалының мамандары, Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының мамандарына жерді химиялық өңдеу жұмыстарын дер кезінде әрі сапалы жүргізуді тапсырды. Фитосанитариялық іс-шаралардың тиімді жүргізілуін бақылау және үйлестіру мамандарына шегірткеге қарсы күресті күшейту қажеттігін айтты. Аудан экономикасының негізгі көрсеткіші болып саналатын ауылшаруашылық саласының дамуына ықпал ету шараларын уақытылы жүргізу тиімділігін түсіндірді. 

Алғашқы аса қауіпті марокко шегірткелеріне химиялық өңдеу жұмыстары Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Жаңажол елді мекенінде жүргізілді. 


Түркістандық делегация Қытайда келіссөздер жүргізді
Шіркейге қарсы дәрілеу жүріп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу