Түркістан: Негізгі экономикалық көрсеткіштерде өсім байқалды

Oinet.kz 11-05-2023 259

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен облыста өнеркәсіп өнім көлемін арттыру, ауыл шаруашылығын дамыту, инвестиция тарту бағытындағы жұмыс күшейтілген болатын. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айында  өңірде 209,4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  106,3% құрады.

Screenshot_7.jpg

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 42,5% үлесін қамтамасыз ететін тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 89 млрд. теңгені құраса, өңдеу өнеркәсібі (үлесі 46,4%) өнімінің нақты көлем индексі  – 110% немесе өнім көлемі 97 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 118,4 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға артты. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы  16,9 млрд. теңгені (100%), мал шаруашылығы 100,2 млрд. теңгені құрады (101,2%). Облыста 55,8 мың тонна  ет (тірідей салмақта), 160,8 мың тонна  сүт, 57,7 млн. дана  жұмыртқа өндірілді.

2023 жылғы қаңтар-наурызында 4518,9 мың жолаушы тасымалданды, бұл 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 110,6% құрап отыр.

Облыс экономикасын дамытуға 97,2 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 160,4%-ды құрады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында бір жылда халық саны 31,6 мың адамға өсті
Түркістанда құрылыстың қарқыны жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу