Жетісай: Ауыз су құрылысы қатаң қадағаланады

Oinet.kz 04-05-2023 757

48.jpg

Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімі Серік  Мамытов тұрғындарды сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, ауыз су жүйелерін жаңарту, құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарға қатаң бақылау орнатуды тапсырған.

Жетісай ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала, кент, ауылдық округтерге қарасты 112 елді мекеннің 1 елді мекенінде ауыз су құбыры жоқ. Жетісай ауданында 105 елді мекен орталықтандырылғын ауыз су жүйесімен қамтылған. Оларда 83 дана ауыз су ұңғысы мен 85 дана су мұнарасы, 24 су сақтағыш пен санитарлық қорғау аймақтары талапқа сай жұмыс істеп тұр.

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылға өтпелі Жетісай қаласының ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына өткен жылы 272 млн 289 мың теңге, Жаңа ауыл ауылдық округінің Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ, Атаконыс елді мекендерін ауыз сумен жабдықтау жүйелерін салу нысанына республикалық бюджеттен 1 млрд теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қазыбек би ауылдық округінің 2678 тұрғыны бар Құрбан ата елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына республикалық бюджеттен 422 млн 778 мың теңге, Ж.Ералиев ауылдық округінің 1967 тұрғыны бар Сейфуллин елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына республикалық бюджеттен 610 млн 613 мың теңге бөлініп, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, Мақталы ауылдық округінің Сарқырама, Дархан, Тың, Алтынсарин, Ж.Ералиев ауылдық округінің Жазықсай, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм елді мекендерінің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге биылғы жылға аудандық бюджеттен 136 млн 652 мың теңге, «Мембарана», «Омега» қондырғыларына және кәріз жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 52 млн 670 мың теңге бөлінген.

Атқарылып жатқан жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде жыл соңына қарай аудандағы орталықтандырылған су құбырымен қамтылған елді мекендердің санын 105-ке жетізу жоспарланып отыр.

Айта кетері, Қазақстанда азаматтардың негізгі қызметтерге теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы жасалған болатын.

Жоба тұрғын үй-коммуналдық және инфрақұрылымды дамытуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды біріктіреді. Осы жоба аясында 2025 жылға дейін елді мекендердің имнфрақұрылым мәселелері шешімін табуы тиіс. 


«Жайлы мектеп»: Жоба аясында Жетісайда 5 мектеп салынады
Жетісай: Тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу