Жетісай: Тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылуда

Oinet.kz 25-04-2023 222

49.jpg

Елімізде 2021 жылы «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы қабылданған. Ұлттық жобаны іске асырудың мақсаты базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру болып табылады.

Жетісай ауданының әкімі Серік  Мамытов еліміздің оңтүстік шекарасын бойлай орналасқан Жетісай ауданында тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында 2019 – 2020 жылдары құрылысы басталған 5 қабатты 20 пәтерлі 4 тұрғын үй және 5 қабатты 60 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылыстарымен танысып, мамандармен жүздесті.

Жетісай қаласын ұлғайтуға бөлінген 80 га жер телімінде орналасқан 5 қабатты 6 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарының 85 пайызға жуығы аяқталып, тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жетісай ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жер теліміне ауыз су, газ жүйесі, электр желілері мен кәріз жүйелерін жүргізіп, КТП орнату секілді инженерлік инфрақұрылымдарының құрылысы толығымен аяқталғанымен, биылғы жылы 110/35/10 кВ қосалқы станция құрылысын салу үшін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынын жоба әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сметалық құны 1 млрд 300 млн теңгені құрайтын жобаны іске асыру мақсатында тиісті салалық басқармалардан қорытындылар алынып, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы қарастыру үшін құжаттар топтамасы Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасына тапсырылған.

110/35/10 кВ қосалқы станциясының құрылысына қаржы қаралып, пайдалануға тапсырылған жағдайда 80 га жер телімі электр кернеуімен қамтамасыз етіліп, аталған 5 қабатты 6 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру мүмкіндігі туады.

Аудан басшысы жауапты мамандарына жұмыстарды тездетуді тапсырып, қажет болған жағдайда салалық басқармаларға хат жолданатынын айтты.


Жетісай: Ауыз су құрылысы қатаң қадағаланады
«Ауыл аманаты» аясындағы жобалар талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу