«Жайлы мектеп»: Жоба аясында Жетісайда 5 мектеп салынады

Oinet.kz 04-05-2023 592

47.jpg

 Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Еркебұлан Дауылбаев «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында Жетісай ауданына жұмыс сапарымен, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 қаулысымен білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» жобасымен Жетісай ауданында 5 нысанның құрылысы жоспарланған.

Нақтырақ айтар болсақ, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Асықата кентінен 900 орындық және Ынтымақ ауылдық округінің Ақниет елді мекенінен 600 орындық мектептердің құрылысы биыл басталып, келесі жылы аяқталса, Жетісай қаласынан 900 орындық және Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Қызылтаң елді мекенінен 600 орындық білім ошақтарының құрылысы 2024 жылы басталып, 2025 жылы қолданысқа тапсырылады деп күтілуде. Мектеп құрылыстарын жүргізуге қажетті жер телімдері нақтыланған.

Пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталатын мектептерде оқушылардың сапалы білім алуларына, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалатын болады.

Сонымен қатар, ауданда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамту жұмыстары да қолға алынған.


Түркістан: Әкім газ нысандарын тексеруді тапсырды
Жетісай: Ауыз су құрылысы қатаң қадағаланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу