Түркістан: Түлкібас ауданында 66 жоба сүйемелденіп, қаржыландырылды

Oinet.kz 23-01-2023 323

Түлкібас ауданының «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы «Бір терезе» қағидаты бойынша консалтинг, жобаларды жасау және сүйемелдеу және құжаттарды рәсімдеу бағыттарында қызмет көрсетуде. Кәсібін жаңадан ашпақ болған азаматтар мен жүріп тұрған бизнесін дамыту бойынша тиісті көмектерге ие бола алады.

Screenshot_8.jpg

2022 жылы жобаларды сүйемелдеу бөлімі арқылы 100 бизнес жоспары жасалынып, 66 жоба сүйемелденіп, қаржыландырылды. Жобалардың басым бөлігі - мал шаруашылығын дамыту саласындағы сұраныстар. 

Орталық бөлімінің басшысы Нұрбек Асылбекұлының айтуынша, жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы рұқсат құжаттарын рәсімдеуге, яғни кепілге қойылатын мүлік құжаттарын сенімхат негізінде заңдастыру бойынша жалпы 35 кәсіпкер мен 69 жеке тұлғаға қажетті көмектер көрсетілген. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан: Келес ауданында 81 600 гектар жер ортақ жайылымға берілді
Түркістан: Өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу