Таланттарды даралаған байқау

Oinet.kz 10-11-2022 279

Төлеби аудандық мәдениет үйінде Балалар жылы және Төлеби ауданының 90 жылдығына орай, талантты балалардың шығармашылығын дамыту, халқымыздың асыл мұраларын насихаттау, білімді де өнерлі, салауатты өмір салтын ұстаған ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Ақбота-2022» аудандық ән-би байқауы өтті.

Screenshot_34.jpg

Байқаудың іріктеуінен сүрінбей өткен 32 үміткер өнер сайысында бақ сынасып, өз өнерлерін ортаға салды. Бірнеше номинациядан тұратын байқауда балдырғандар барын салды. Көрерменін өз ән-биімен баурап алып, тыңдарманының құлақ құрышын қандырған болатын. 

Қазылар алқасына да оңай соқпады. Кіл мықты жиналған сайыста оларға нағыз талантты, нағыз жүйрікті анықтау да ауыр соққаны анық. Қалай дегенмен, байқаудың шарты жеңімпазын анықтау. Оза шапқан жастың бетін қайырмай, қанаттандыру. 

Сонымен әділқазылардың шешімімен ән жанры бойынша Бас жүлде Ақәділ Убайдуллаға берілді. Ол №3 П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы. Бірінші орынды Қазақстан орта мектебінің оқушысы Кәусар Кенжеәлі, екінші орынды Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Әдемай Дәулетхан мен Зертас ауылдық мәдениет үйі шәкірті Айзере Сапарбай иеленді. Үшінші жүлделі орын 5 оқушыға берілді. Олар Ы.Алтынсарин мен Қ.Сәтбаев атындағы, Сарқырама, Қайнар және Алғабас орта мектептерінің оқушылары Көркемжан Бимырза, Жәния Нышан, Ақберді Нұрғали, Айару Бекәділ мен Нұргелді Төленбай. 

Қалған қатысушылар он бес номинация бойынша аудан әкімінің арнайы сыйлығын алды. 

Ал Би жанры бойынша бірінші орын №7 мектеп-лицейдің «Шаттық» би тобына берілді. Екінші орында «Зульфия» мен «Ақкербез» би топтары алса, үшінші орын «Балауса» би тобы иеленді. Қалған би топтарына да арнайы номинациялар үлестіріліп, сыйлықтар тапсырылды. 

Леңгір қаласында 3 көпқабатты үй пайдалануға беріледі
Студенттер алаңда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу