Жетісайдың қарбызы экспортқа кетіп жатыр

Oinet.kz 29-05-2021 590

14.jpeg 

«Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл – жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады. Сондықтан субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу қажет».  Былтыр халыққа арнаған Жолдауында осылай деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыруды тапсырғаны белгілі.    

Бүгінде Түркістан облысында ауыл шаруашлылығында тынымсыз еңбек етіп, соның жемісін көріп отырған шаруалар аз емес. Солардың бірі Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округінде орналасқан «Қоғалы» ауылының диқаны Леонид Шин. Ол өз иелігіндегі 2 гектар жерден 25 тонна өнім алған. Пленка астындағы ерте пісетін қарбыз еккен ол жиын-терім жасап, өнімді Ресей Федерациясына жөнелтуде. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

«Наурыз айының басында 55 күнде пісетін «Виктория» атты қарбыз сортын екі қабат пленка астына ектім. Ауа райы қолайсыз болған кезде өнім далада қалмаса екен деп аздап уайымдадым. Сәтін салып, барлығы ойдағыдай болды. Сатылым бағасы да көңілімнен шықты»,- дейді шаруа.

Айта кетейік, Жетісай ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында 78 500 гектар аумаққа егіс егу жоспарланған. Соның 22 мың гектарына бақша дақылдары егілген. Оның ішінде, 14 378 гектарына пленка астынадағы қауын, ал, 4 900 гектарға қарбыз егілген. Ауданы бойынша қазіргі таңда 50 гектар аумақта қарбыз бен 15 гектар егістікте қауын пісуге жақын.


Түркістан Түркологияның орталығына айналады
Түркістанда «Ұлы Жібек жолы-Ұлы мұра» форумы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу