Түркістан Түркологияның орталығына айналады

Oinet.kz 01-06-2021 838

13 (2).jpg

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Халықаралық Түркі академиясы бірлесіп ұйымдастырған «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атты халықаралық конференциясы өтті.

Жиында сөз алған аталған оқу орнының ректоры Жанар Темірбекова ғалымдардың ұсынысы бойынша университетте биыл  «Теология» факультеті ашылатынын мәлім етті. 

-Бұл факультет елімізде тұңғыш болуымен де ерекшеленбек. Факультетте Ясауи бабамыздың мирас болып қалған ілімі мен ғылым түсінігі негіз болады. Дін социологиясы, дін философиясы, ислам өнері сынды өкінішке орай мән берілмей келген маңызды салаларды да ғылым назарын аудартып, осы саланы зерттейтін ғылыми тұлғалаларды қалыптастыру факультеттің миссиясы болады. Университет ғалымдарының үлкен жобалары бар. Осы бағыт бойынша осында жиналып отырған ұйымдармен бірлесе отырып іс-шаралар өткізетін боламыз деп сенемін,-деді ректор.

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі:

- Жанар Амангелдіқызы, Сіздермен бірлесе атқаратын жобаларымыз көп болады. Саммит барысында еліміздің президенті Халықаралық Түркі академиясы мен ХҚТУ бірлесіп жобалар атқаруды, археологиялық қазба жұмыстары мен түркологиялық зерттеулерді бірігіп жүргізуді тапсырған болатын. Сондықтан біздің де ортақ жобаларымыз көп болады деп сенемін. Таяуда жақсы конференция өткіздіңіздер. Сонда Өкілетті кеңес төрағасы университетті түркологияның орталығынына айналдыру туралы бастама көтерді. Біз, қолдау көрсетуге дайынбыз.

Келелі кеңеске қатысушылар Елбасы бастамасымен қайта түлеген Түркістан және оның түркі әлеміндегі маңызы туралы ойларын ортаға салып, бауырлас елдердің бірлігі жайында пайымды пікірлерімен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов:

-Түркістан мемлекетіміздің алтын бесігі, барлық түркі халықтары үшін қара шаңырақта осы айтулы шараның өтуі ерекше маңызы мен орны бар. Халықаралық Түркі академиясының бастамасымен аударылып, баспадан шыққан қасиетті кітаптың аяттарын дұрыс тәпсірлеу, жастарға діни бағытта дұрыс ақпарат беру. Сондай-ақ қазіргі кездегі деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұруға өз септігін тигізетін құнды жәдігер,-деді. 

Басқосудан кейін мәртебелі меймандар түркінің төрі саналатын Түркістан қаласындағы тарихи орындарды аралап, жаңадан бой көтерген ғимараттармен танысты.


Сарыағашта жанұялық сүт аулалары жұмыс істейді
Жетісайдың қарбызы экспортқа кетіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу