Түркістанда «Ұлы Жібек жолы-Ұлы мұра» форумы өтті

Oinet.kz 28-05-2021 587

15.jpg

Түркістанда «Ұлы Жібек жолы-Ұлы мұра»  атты халықаралық туристік форум өтті. Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған гибридті форматтағы (онлайн және офлайн) форумда туристік салада жұмыс істейтін 15 елдің (Венгрия, Тайланд, Нидерланды, Франция, АҚШ, Оңтүстік Корея, Тәжікстан, Португалия, Сербия, Ауғанстан, Солтүстік Македония, Бразилия, Литва, Эстония, Өзбекстан) бизнес-құрылымдардың өкілдері мен мамандар ежелгі қалада Түркістанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және Жібек жолы бойындағы туристік бағыттарды дамыту мәселелерін талқылады.

Түркістан ғасырлар бойы Қазақ хандығының саяси және рухани өмірінің жүрегі болған еді. Бүгінде ежелгі қаланың қарқынды өсу кезеңін бүкіл әлем бақылап отыр. Ал бұл ретте туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Соңғы жылдары қалада мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Мысалы, «Керуен-Сарай» көпфункционалды кешенінің өзінде тұрақты түрде төрт мыңнан астам адам еңбек етеді.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өзінің алғы сөзінде: «Туризмнің өңір экономикасына қосқан үлесі артып келеді. Осы ретте Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті кәсіби оқытылған кадрлармен қамтамасыз ететіні қуантады», - деп атап өтті.

Сондай-ақ министр Түркістан облысының әкімдігі мен Өмірзақ Шөкеевке, Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары – туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов бастаған өзбек делегациясына, ЮНВТО және ЮНЕСКО ірі халықаралық ұйымдардың мамандарына, сондай-ақ форумның басқа да қатысушыларына алғысын білдіріп, еліміздің басты ұлттық мерекесі - Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отырған аталмыш іс-шараның маңыздылығын атап өтті. 


Жетісайдың қарбызы экспортқа кетіп жатыр
Түркістанда туризмнің көптеген түрін дамытуға болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу