Пневмониядан айыққан әже алғыс айтты

Oinet.kz 29-07-2020 621

39.jpg

Түркістан облысында Отырар ауданына қарасты Қоғалы ауылының тұрғыны Аманқыз әже карантин кезінде бастарын қатерге тігіп, отандастарын емдеп жүрген дәрігерлерге шынайы алғысын айтты. Ол шілде айының 4 күні ауыр хәлде арнайы жедел жәрдем медициналық көлігімен Отырар аудандық орталық ауруханаға жеткізілген болатын.

Екі өкпенің төменгі бөліктік пневмониясы диагнозы қойылған. Тыныс алу шамасыздығы екінші дәрежелі науқастың қосымша созылмалы вирусты гепатиті де болған.

Отырарлық дәрігерлердің жіті бақылауында болып, қажетті емдеу процессі жасалды. 17 шілде күні толығымен дертінен сауыққан 73 жастағы Аманқыз апа үйіне шыққан. Қазіргі таңда Ерданова Аманқыз үйінде болғанымен, дәрігерлердің бақылауынан тыс қалған емес. Ол ақ халатты абзал жандарға шынайы алғысын білдірді.

Айта кетейік, аудандық орталық ауруханада провизорлы 60 орын бар. Қазіргі уақытта оның 36-сы бос. Келген науқастардың барлығы дәрігерлердің жіті қадағалауында болады. Тиісті емдік шаралар қолданып, барлық дәрілік заттармен толық қамтамасыз етілуде.

Төлеби ауданында ауруханаларға 16 оттегі концентраторы тарту етілді
Кентауда аурудан айыққандар көбейіп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу