Төлеби ауданында ауруханаларға 16 оттегі концентраторы тарту етілді

Oinet.kz 29-07-2020 477

38.jpg

Түркістан облысында карантин кезінде еліміздің алып компанияларымен қатар жергілікіті кәсіпкерлер де ауруханаларға материалдық көмектерін беруді бастап кетті. Нәтижесінде Төлеби ауданындағы емдеу мекемелері жаға медициналық құрылғылармен толықты.

Төлеби аудандық ауруханасына Bi Group құрылыс компаниясы 3 дана оттегі концентраторын табыс етті. Сонымен қатар, «Бірлік 2020» қайырымдылық қоры Ленгір қалалық аураханасына 2 дана, «Айдың нұры» компаниясы 1 оттегі концентратор құрылғысын әперді.

Осындай игі iстерден аудан азаматтары да шет қалып жатқан жоқ. Төлеби аудандық мәслихатының депутаты Әмірәлиев Әли Орынбасарұлы Ленгiр қалалық ауруханасына 5 дана оттегі концентраторын тарту етті. Және де "Шұғыла" қайырымдылық қоры тарапынан аудандық ауруханасына 5 дана оттегі концентраторлары жеткiзiлдi.

Мамандар бұл құрылғыларды науқастарға өкпені жасанды желдету аппараттарына қосымша көмек ретінде қолдануда. Індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдап, көмек қолдарын жандарға аурухана ұжымдары алғыстарын білдірді.

Түлкібас ауруханасына 10 оттегі концентраторын сыйлады
Пневмониядан айыққан әже алғыс айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу