Түлкібас ауруханасына 10 оттегі концентраторын сыйлады

Oinet.kz 29-07-2020 507

37.jpg

Еліздегі коронавирустың жаппай тарауына байланысты әлемді жайлаған, пандемия кезінде Түркістан облысының кәсіпкерлері емдеу мекемелеріне қол ұштарын созуда. Бүгін елін сүйген азаматтар пневманиямен күресте аса қажетті оттегі концентраторының 10 данасын аудандық ауруханаға табыстады.

«Туған жерге тағзым ету - әр перзенттің парызы» - демекші, өзге аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерін ұмытпай, қиын сәтте қамқорлық жасап жатқан азаматтар қатары Түлкібас ауданында күн санап артып келеді. Бүгін елін сүйген азаматтар пневманиямен күресте аса қажетті оттегі концентраторының 10 данасын аудандық ауруханаға табыстады.

Айта кетсек, Түлкібас ауданының тумалары «Жігіттер» квартетінің продюсері Ерғали Абдраймов оттегі концентраторының 5 данасын және «Nur Max» құрылыс компаниясының директоры Лесалы Абзал есімді азамат 5 данасын тарту етті.

Аудан тумалары қандай да қиын кезеңде болмасын туған жерлеріне қолдау көрсетіп, қол ұшын созуға дайын екендіктерін жеткізіп, ақ халатты абзал жандардың жұмыстарына сәттілік тіледі.

Әзірет Сұлтан күмбезі қалпына келтірілді
Төлеби ауданында ауруханаларға 16 оттегі концентраторы тарту етілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу